06.11.2023 2030 жылға қарай әлемдік экономикада білікті кадрлар тапшы болады - КСЗИ

Бүгін ҚСЗИ-да Гарвард университетінің түлектері бас қосты. Олар еліміздегі адами капиталды дамытудың маңызын талқылады.

Бұл өте маңызды мәселе. Ол ел Президентінің де басты назарында. Адами даму индексіне: денсаулық білім индикаторы кіреді. Келелі кеңесте бас қосқан мамандар білім индексін жан-жақты талқылап, маңызды мәселелерді көтерді. 

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов қалалық және ауылдық жастардың білім алу мүмкіндіктері тең болуы тиіс дейді. Білім берудегі теңсіздікті жою қажет деген пікірде. 

 "Таланттарды жаңғыртудың тиімді жүйесін құру әрқашан еліміздегі басты міндеттердің бірі болады. Сапалы кадрларды өсіру үшін барлық жастардың, әсіресе ауыл жастарының сапасын жақсарту қажет. «Үлкен сандар заңын» ескере отырып, оған сәйкес білімді адамдардың үлкен массасынан таланттарды таңдау оңайырақ болады.Білім сапасын көтеруіміз қажет, көптеген талантты оқушыларды қалыптастыратын орта құруымыз керек. Қазіргі таңда барлық мектептердің төрттен үш бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан, оларда оқушылардың 45% оқиды", -деді Еркін Тұқымов. 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлуде. Биыл ғылымды қаржыландыру 3 есеге өсті. Дегенмен, ол жұмыстың өзі аздық етеді. Сондықтан, ғылым мен білімге деген қаржыландыру көзін ұлғайту қажет.

Бүгінде еліміздегі ғылымды қаржыландыру үлесі ЖІӨ-нің небәрі 0,12% құрайды.  2025 жылға қарай ғылымға жұмсалатын шығындарды ЖІӨ-нің 1% дейін жеткізу жоспарланған. Ғылымға баса назар аударатын дамыған елдер ЖІӨ-нің орта есеппен 2-4%  ғылымды дамытуға жұмсайды (Израиль – 4,27%, Корея Республикасы – 4,23%, Жапония – 3,28%).

Жиынға жиылғандар елдегі ғылымның дамуына қандай үлес қоса аламыз, "Болашақ" бағдарламасының тиімділігі неде, ол керек пе деген сұрақты көтерді.  Болашаққа қатысты сын айтылып жүр, дегенмен, ол бағдарламамен оқып келген түлектердің елге тигізген пайдасы мен жемісін көрсету үшін уақыт керек. Ол үшін Үкімет барынша жастарды қолдау керек. Олар елдің жанашыры деді кеңеске қатысушылар.

Айтпақшы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры 2030 жылға қарай әлемдік экономикада білікті кадрлар тапшы болады дейді. 

"Әлемде мамандардың тапшылығы 85,2 миллион адамды құрайды, осыған байланысты жаһандық экономика шамамен 8,5 триллион пайданы жоғалтады. Қазақстан да бүгінде бірқатар мамандықтар бойынша белгілі бір кадр тапшылығын сезінуде. Сондықтан біз озық жұмыс істеуіміз керек. Біздің ішкі қорқынышымыз – иммигрантофобияны жеңу керек. Бірақ бұл жағдайда тепе-теңдікті сақтау керек және біреу бізден жақсы деп ойлаған кезде өзімізге көбірек сену керек. Біздің тәжірибеміз жоқ салаларға шақыру керек", -дейді ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов.

Сондықтан, қашан да адами капиталды дамыту маңызды. Бұл сұрақ ешқашан өзектілігін жоймайды. Ал, адами капиталдың дұрыс әрі сәтті, нәтижелі дамуына шет елде білім алып келген түлектер аянбай ат салысады.