Ірі көлемде есірткі әзірлегендер өмір бойы бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Ал, керісінше есірткі таратып жүргендер туралы ақпарат бергені үшін, ол адамға қомақты сыйақы берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен үкімет сағатында ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты. Бүгін парламент депутаттары қоғам дертіне айналған нашақорлық мәселесін көтерді.
Елімізде есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар санының өсу тенденциясы байқалады. Депутаттар келтірген стастистикаға сүйенсек, 2011 жылы тіркелген қылмыстардың саны 4 360 болса, биылдың 10 айында ол 6 715-ке жеткен. 2011 жылы аталған фактілер бойынша 2 325 адам сотталса, биылдың 10 айында олардың саны 3 193-ке дейін өсен. Оның ішінде есірткі қылмысы үшін ұсталған 11 полицейде бар. Қазір құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздері наркотик сатуды бизнеске айналдырып жіберді дейді депутаттар.
«Синтетикалық есірткіні» өндірумен байланысты қауіп-қатерді ескере отырып, есірткі зертханаларын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейту туралы заңнамаға түзетулер әзірленді. Қазір есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар «есірткіні өткізу мақсатында бір топ адаммен және аса ірі көлемде әзірлегені және қайта өңдегені үшін жауапкершілікке тартылады, санкциясы - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ұсынылатын түзетулерде осы әрекеттер 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ҚК 297-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежеленеді», -деді депутат Ержан Сәденов.