14.12.2023 Декларация тапсырмағандарға жаза бар ма?

Жеке табысы туралы декларация тапсырмай жүрген азаматтарға айыппұл қарастырылған. Сондықтан, жауапты мамандар халықтан уақытылы табысы туралы декларацияны тапсыруды сұрайды. Жалпыға бірдей барша халық тапсыратын декларация 2024 жылдан басталады. 

«Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде қайтадан осындай әрекет жасаса, 51 750 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін де алдымен ескерту жасалады. Ал жыл ішінде қайталанса — 10 350 теңге (3 АЕК) көлемінде айыппұлбар. Жыл басынан бері бірінші рет салық объектілерін жасырғаны үшін — төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде айыппұл, қайталап бұзғаны үшін — 300% айыппұл салынды», — деді Қаржы министрлігінің департамент директоры Нұржан Қуандықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.