Әуе компаниясы ма, әлде, әуре компаниясы ма?

Алыс-алыс жерлерге, көзді ілгенше жеткізетін ұшаққа әркімнің де бар таласы.... Кім болса да діттеген жеріне тез жеткізетін осы көлік түріне бағасы қымбат болса да жүгінеді. Алайда, сол қымбат бағаға қарамастан отандық кейбір әуекомпаниялары халыққа тиісті дәрежедегі қызметті көрсете алмай отырғаны өкінішіті, - дейді ел азаматтары.